20-Мамыр, 2012 | 1 рет оқылған
Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ, түркітанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент:
Аманқос Мектеп-тегі ғұмырын қазақ ғылымына сарқа арнаған ерен тұлға. Ғалымның өрелі танымын, өзіндік жазу-айту өрнегін бұзбастан, зерттеушінің аузынан шыққан «төрүк», «бічік» тәрізді сөздерді оқырман қауымға қаз-қалпында беруді жөн көрдік.
– Аманқос аға, ежелгі руна жазуына жаппай көшу, оны мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі өзіңіз тақылеттес ғалымдар тарапынан оқтын-оқтын қозғалып жүр. Осы жөнінде не дейсіз?
– Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика факультетінің бір топ студенті руна жазуын тәп-тәуір меңгеріп алды. Ізденіп, зейін қойған жанға бұл соншалықты күрделі жазу еместігі айдан анық. Бабаларымыз іргетасын қалаған, қанымызда бар руника қайта қолданысқа енер күн туарына сенемін. Соған бәріміз қызмет етуіміз керек. Өз жазуымыз, өз тарихымыз бар ел екенімізді әлемге әйгілеу ауадай қажет. Неге “әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті” атауын рунамен жазбасқа:
20-Мамыр, 2012 | 1 рет оқылған
Украинаның Луганск облысының аумағынан Алтын орда хандарының жазғы қонысы табылды. Қазба жұмыстары кезінде бұл жерден мыңдаған жез және алтын бақыр шықты. В.Даль атындағы Шығыс Украина ұлттық университеті мамандарының хабарлауынша, Алтын орда хандарына тиесілі қоныс Луганск облысының Попаснян ауданы аумағынан табылған.
20-Мамыр, 2012 | 1 рет оқылған
Қазақ тарихындағы тың деректер көпшілікке ұсынылды. 18 мамырда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Е. Бекмаханов атындағы дәрісханасында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын ХVІІІ томдығының тұсаукесері өтті.
19-Мамыр, 2012 | 3 рет оқылған
Біз ұлттық ұғымға сай келетін сан алуан дүниемізді түгендей алмай жүрміз. Кезінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мұражайындағы тайқазанды елге әрең қайтарған едік. Ондағы талай жәдігердің әлі де көршілес Ресей жерінде сақтаулы тұрғанын естіп-біліп жүрміз. Алайда оларды түгендеуге келгенде кежегеміз кейін тартып тұр. Ғалымдардың айтуынша, қазақ жеріндегі көне шаһарлардан табылған кейбір жәдігерлерді де орыс зерттеушілері өздерімен бірге алып кеткен. Мұндай құны қымбат бағалы дүниелерді қазір бұл біздің жерімізден табылған заттар еді деп сұрау сала алмаймыз.
16-Мамыр, 2012 | 19 рет оқылған

3 маусым күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы композиторы, тарлан ақын, қуатты әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты концерт өтеді.
14-Мамыр, 2012 | 32 рет оқылған
Қазақта «ит – опа, қатын – жапа» деген сөз бар. Осы сөздерден-ақ қазақтың дүниетанымында иттің алар орны ерекше екенін аңғару қиын емес. Яғни ит иесіне қайырымды болғандықтан, опасыздық жасамайтындықтан, қазақ итті опа санаған. Сондықтан да оны жеті қазынаның қатарына қосып, ерекше әспеттеген. Алайда бүгінде жеті қазынамыздың қадірін жете түсіне алмай жатқанымыз өкінішті. Соның ішінде қазақы төбет пен құмай тазымыздың сиреп кеткені жанға батады. Жетістіктерін паш етіп жатқанымыз шамалы. Мәселен, қазақтың «Қонақ» есімді төбеті жуырда ғана ит төбелестіруден әлем чемпионы атанып келгенін естідіңіз бе? Жарыса жазып, көрсетіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарын көрмедік.
12-Мамыр, 2012 | 26 рет оқылған
1849 жылы қаңтар айының басы, он күн қысқы шілде еді. Ойпаң жерде жатқан киіз қар сәл дегдіп сіреуге айналған, төбелердің басы еріп жалаңаштанып қалған. Сары аяздың алдындағы, қақтың суын ішіп мал көркейген, адам қуанған азғантай мереке күндер болатын. Осы күндері Нұрбике – Шаншар болысын басқарып отырған Тәттімбет, аға сұлтан Құнанбайдың шақыртуымен Қарқаралы қаласына аттанған.
Кеңсенің ең шұғыл хабарын таситын Қозыке мен Жаңбырбай есімді екі шабарман, бұл шақырыстың мәнін сұрағанда жарытып жауап бермеді. Бар болғаны, Құнекең бізбен ақылдаспайды, не болса да бара көресіз деген.
12-Мамыр, 2012 | 17 рет оқылған
Құрақ құрап, көрпе тігетін, ұршық иіріп, тоқыма, шәлі тоқитын әйел-аналар арамызда баршылық. Ал біз әңгімелегі отырған Күлән Шәудірбаева жолдасынан ерте айырылып, өмірдің қиындығын көп көрсе де жалғыз қолымен еңбек етіп, іс тігіп, балаларына жетімдік тауқыметін тартқызбай жүрген жан.
12-Мамыр, 2012 | 42 рет оқылған
«Жас қазақтың» 20 сәуір күнгі санында (№15, 2012 жыл) тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдімен газет қызметкерінің жүргізген сұхбаты жарияланды. «Шыңғыс ханды түрік, болмаса қазақ деп тану – ұят» деп аталатын осынау дүниені үлкен қызығушылықпен бір демде оқып шықтым. Оқып шықтым да қайран қалдым. Қайран қалдырғаны өзім қатты құрметтейтін профессордың мынадай сөзі: «…Мен қазір жиыннан шықтым. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілі қатысты. Ол: «Қазақстанның бір беделді жоғары оқу орны қазақ тарихын жазу үшін, Американың беделді университетімен келісімшарт жасасып жатыр», – деді. Мен қазақтың тарихын қазақтан асырып, өзге ұлт тарихшысы жаза алмайды», – дедім». Мұны қандай мақсатпен айтқанын қайдам, әйтеуір, Білім және ғылым министрлігі өкілінің қазақ тарихын жазуға байланысты осы мәлімдемесі менің қолыма еріксіз қалам алдырды.
12-Мамыр, 2012 | 27 рет оқылған
Қолыма бір кітап тиді. Жұп-жұқа. Шап-шағын. Іші толы ой-толғаныс. Нақыл. Тәмсіл. Қарай бергің келеді. Оқи бергің келеді.
Кітаптың көлемі ұшақта, пойызда, автокөлікте, метрода, кезекте тұрғанда оқуға өте ыңғайлы екен. Атауы да бірден «апырай» дегізеді. «Гүлдер де жылайды екен». КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімұлының бұл шағын кітабына әр жылдардағы ойлары, толғаныстары, көзқарастары мен пікірлері, әдемі әзілдері мен қысқа тәмсілдері жинақталыпты.