Қазақстан құрамасы Люксембургпен болған жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

5128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_0869.jpeg
Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
 

Матч "Стад де Люксембург" стадионында өтті. Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Әділет Садыбеков есеп ашты. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы болды. 24-минутта Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес есепті теңестірді. Кейін оның командаласы Данел Синани (45-минутта) гол салды.

Осылайша, Магомед Адиевтің шәкірттері қарсылас командадан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалында жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузиядан 2:0 есебімен ұтылса, Қазақстан құрамасы Грекияға 5:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

 
Комментарии