Жылу көздерін жаңғыртуға Үкіметтен 16 млрд теңге бөлінді

2051
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге бөлген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеп.

Қазақстан Үкіметі Президент тапсырмасымен еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша биыл резервтен қомақты қаржы бөлген.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың қол қоюымен Кентаудағы ЖЭО-5-тің № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге, ал Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялауға – 2 млрд теңгеден сәл астам қаражат бөлінді. Осылайша, аталған жылу көздерін жаңғыртуға жалпы сомасы шамамен 16 млрд теңге бағытталды.

Қабылданып жатқан шаралар алдымыздағы жылыту маусымында Кентау, Риддер және Қызылорда тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер