Су тасқыны: 37 мың адам үйіне оралды

1620
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Су тасқынынан кейін 37 мыңға жуық адам үйіне оралды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп брифингте мәлімдеді.

Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталғаны айтылды.

«Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жалғасып жатыр. Су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді спикер Асқар Шәріп.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған. Апат басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала құтқарылып, қауіпсіз жерге эваакуацияланды. Бүгінде республика бойынша 36 745 адам өз үйіне оралды. Әлі 6 909 адам эвакуациялау пункттерінде екені хабарланды.

Пікірлер