«Жалақы мен жағдайдың алуандығы әлеуметтік жарылысқа алып келеді»

4142
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында жаңа сұхбат жарияланды.

Кезекті сұхбаттың спикері - «Baikadam Holding» компаниясының бас директоры Арман Байқадам.

Ол елдегі инвестициялық ахуалға қатысты сұрақтарға жауап береді. Инвестициялық әлеует пен оның өтеуі бір-бірімен сәйкес келмей жатқанын айтқан кәсіпкер ішкі инвестор мен шетелдік инвестордың айырмашылығына тоқталған. Айтуынша, ішкі-сыртқы инвесторларға теңдей жағдай жасалуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың негізгі ақпараты жария етілмей келеді. Компанияларға жұмысқа тартылған жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жалақы екі түрлі төленеді.

«Пайдалы қазбаларды игеруге қатысты келісім-шарт ашық болу керек,» - деген Арман Байқадам мұндай алуандықтың түбі әлеуметтік жарылысқа алып келетінін айтады.

Пікірлер