Атырау облысы
18.12.2022
Атырау облысы
Атырау облысында 67 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр аулының 67 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, Қызылқоға аудандық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны осы жылдар бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, оның тіпті кеңес заманындағы төлқұжаты да болмағанын анықтаған. Әйел ешқайда шықпай, ауылдың шеткі жағында ұзақ жылдар бо..
04.12.2022
Атырау облысы
Атырауда 8 жасар бала Жайық өзеніне батқан жасөспірімдерді құтқарды (Видео)
Атырауда 8 жасар оқушы өзенге батқан екі жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Құтқарған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, 3 желтоқсанда кәмелетке толмаған екі 14 және 9 жастағы жасөспірімдер «Жұмыскер» ықшам ауданындағы көпірдің жанында мұз үстінде ойнап жүрген. Кенеттен мұз жарылып, балалар суға батуға шақ қалған. Дінмұхаммед ойланбастан көмекке жетіп,..
24.11.2022
Жаңалықтар
8-сынып оқушысы үйдің шатырынан өлі табылды
Атырау облысының Жылыой ауданында сегізінші сынып оқушысы асылып қалды. Оның денесін ата-анасы өз үйінің шатырынан тапқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.  14 жастағы жасөспірім өзіне қол салған кезде үйде ешкім болмаған. Оқиға демалыс күні орын алған. Одан бір күн бұрын жасөспірім денсаулығына байланысты сабаққа бармапты. Оны ата-анасы сынып жетекшісіне ескерткен. Ал апта басында осы мектепте деструкти..
02.10.2022
Жаңалықтар
Атырау облысында сыныптасының туған күніне барған жас жігіт табытпен оралды
Атырау облысында сыныптастарының қолынан қаза болған 27 жастағы жігіттің анасы әділдік іздейді. Бұл туралы Almaty.tv жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының тұрғыны Айгүл Қиықова 13 тамызда ұлын жер қойнына тапсырды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған ана баламның өз сыныптастарының қолынан қаза болғаны қатты қынжылтады деп зар еңіреп отыр. Айтуынша, сол күні ұлы достарымен туған күн кешіне кет..
19.08.2022
Атырау облысы
Атырау облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды
Атырау облысында әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Қайғылы оқиға 17 тамызда болған. Әскери міндетін атқару кезінде қайтыс болған сарбаздың өліміне денсаулығы себеп болған.  Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша кенеттен жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Алайда қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан оқиға басқаша сипатта болғандығын айтып желіде жазба қалдырған. Әскери қызметшінің өліміне қатыст..
07.10.2021
Жаңалықтар
Өрттен кейін балаларымыздың мәйітін тану мүмкін емес - туыстары
Ауыл тұрғындары қайтыс болған үш баланың мәйітін өздері іздемек болды. Тірідей табылып қалар деген үміттерін де жасырмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Туыстары полицейлерге наразы екенін жеткізді. Балаларының мәйітін тапқанын бірден хабарламағанына ашулы. Ауыл боп үш баланы іздеуге шыққанында, олардың адам ажырата алмайтындай мәйітін тапқан. “Олар күшікпен ойнап жүрген, күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Екінші, үшінші сынып оқитын ..
13.07.2021
Жаңалықтар
Атырау облысы әкімі «АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысымен танысты
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевпен бірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолының жөндеу жұмысымен танысты. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын жолдың 60 шақырымын биыл аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде оның 20 шақырымы пайдалануға берілген. Ал, қалған 40 шақырымында қызу жұмыс жүріп жатыр. «Қазавтожол» АҚ Ұлттық к..
Тағы жүктеу