Экс-министр Тұрғымбаевтың ұсталғаны расталды

1778
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бұрынғы Ішкі істер министрі ұсталғанын Бас прокуратура растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Бас прокуратура Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. 29 сәуірде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған бұрынғы Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес қамауға алынды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп хабарлады сейсенбіде Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Экс-министрдің қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс бойынша ұсталғанын Nege.kz басылымы мәлімдеген.

«Біздегі дереккөздің хабарлауынша, дүйсенбі күні бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды», - делінген ақпаратта.

2022 жылы қанды қантардағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. Кейін ол ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Пікірлер