Жайық өзені: Тайпақ ауылында су деңгейі көтерілді

2590
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/4514fc8b-dfc7-478a-929e-57e39d1fdcc1-960x500.jpeg?token=0204b16bc7a7bffa5c1fcc15a400eac5
Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданында 25 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Қазгидрометке" сілтеп.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметінше 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге жеткен. Ал оның ең қауіпті шегі – 850 см. Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 см түссе, Оралда 5 см, Көшімде 3  см түскені айтылды. Айта кету керек, Көшім каналында су деңгейі бірден 40 см, Елек өзені Шыңғырлауда 22 см төмендеді.
Комментарии