Республикалық пәндік олимпиада өтті

742
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Бұл олимпиада - Қара шаңырақ  университеттің 90 жылдығы аясында өткізіліп жатқан іс шара. Олимпиадаға Республикамыздың әр аймағынан арнайы келген жоғары университеттің студенттері, жас мәдениеттанушылар қатысты.  Атап айтар болсақ Павлодар қаласы Торайғыров университетінен  «Қырандар командасы», жетекшісі  Искакова Зауреш Сабырбековна, Астана қаласы,   Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен "Ойжеткен" командасы, жетекшісі Әбдібек Арайлым Дастанқызы. Алматы қаласы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Bolmys»  командасы, жетекшісі Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы. Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 "Жерұйық" командасы, жетекшісі Кудерина Айжан Нұрхамитқызы.

Пәндік олимпиада 4 турдан тұрды. Алғашқы тур бойынша қатысушылар өздерінің ЖОО таныстырса екінші турда – «Виртуалды кеңістіктегі мәдениет» тақырыбына презентация қорғады. Ал үшінші кезеңде  «Мәдениеттану» мамандығы бойынша базалық білімдерін сынады. Төртінші  тур аналитикаға негізделді. Қазіргі қоғамдағы мәдени жай-күй, хәл-ахуалды команда капитандарды анализ жасады.


Қатысушылардың әділ бағасын беріп, төрелігін көрсетер әділ-қазы мүшелері: Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі,  философия ғылымдарының докторы, профессор, Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы - Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Бияздыкова Кенжегул Әлімбекқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Аликбаева Маржан Башанқызы- Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы,  философия ғылымдарының кандидаты. Комиссия хатшысы: Кудайбергенов Сергазы Ережепулы - Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша «ЖЕРҰЙЫҚ» тобы бас жүлдені ұтып алды. Мәдениетіміздің алдындағы жауапкершіліктің тым жоғары екенін түйсінген, қазақ мәдениеті үшін қал-қадері жеткенше еңбек етеміз деген жас мәдениеттанушылардың еңбегі жанды.

Мамандығының мұзмұнына терең бойлап, мәнін табар жас мамандар көп болсын.






Пікірлер