Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады

1875
Adyrna.kz Telegram

Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол туралы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов мәлімдеді. Айта кетейік облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер жолының 43-93 шақырымы яғни жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.

"Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстың 85%-ы орындалды. Аталған нысанды аяқтау үшін биыл жергілікті бюджеттен 3,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде",–деді Бауыржан Айтмағамбетов.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы биыл Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын атап өтті. Қазіргі таңда мердігерді анықтау рәсімі аяқталды. Жоғарыда аталға тас жолды "Uniserv" ЖШС жөндейтін болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер