Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

6398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/53c4bf6e-9965-487e-99f8-6d685cd575fc.jpeg

Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы реалити-тур шоу түсіру орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.

Айта кетейік, Netflix - кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын

ұсынатын және өте танымал жетекші ағынды платформа.

Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.

Сондықтан Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. Жобаның жүзеге асуы Алматы туристік бюросының командасы мен Қырғызстанның продюсерлік компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде болады.

Комментарии