"Мұстафа Шоқай 83 жылдан кейін Лондонда алғаш рет еске алынды" - Әбдіуақап Қара

1861
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әбдіуақап Қараның парақшасынан
Фото: Әбдіуақап Қараның парақшасынан

Лондонда Мұстафа Шоқайдың ағылшын тіліне аударылған «Кеңес Одағының түрік әлемі саясаты» атты кітабының тұсаукесер жиыны өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы шоқайтанушы Әбдіуақап Қара Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Профессор Әбдіуақап Қараның құрастыруымен Мұстафа Шоқайдың 41 мақаласы толық бір кітапқа топтастырылып,  құнды еңбек төрт тілде жарық көрген болатын. Кітаптың алғашқы тұсаукесері Түркия елінің Анкара қаласында өтіп, кейіннен Қазақстанға жеткен.

Бүгінде аталған кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесері Лондонда өтті.

"Мұстафа Шоқай қайтыс болғаннан кейін 83 жыл өткен соң Лондонда алғаш рет еске алынды. Мұстафа Шоқайды Түркістанға және түрік әлеміне сіңірген еңбегі үшін мейіріммен, алғыспен еске аламын. Жаны жаннатта болсын", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Алматыда түркиялық шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қараның «Кеңес Одағының Түркі әлемі саясаты» атты кітабының тұсаукесері өткен болатын.

Пікірлер