Димаштың ресейліктерден іргесін аулақ салғаны айтылды

2788
Adyrna.kz Telegram
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Продюсер әрі музыка сыншысы Евгений Бабичев NEWS.ru сайтына берген сұхбатында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі ресейлік композитор Игорь Крутоймен серіктестігін тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бабичевтің айтуынша, Димаш батыс санкциясының салдарынан өз командасының мүшелерін жоғалтқысы келмеген және болашақта Крутоймен ынтымақтастықты қалпына келтіруі мүмкін екенін де айтты.

«Қазір үзіліс болғаны түсінікті. Димашта елдердің әртүрлі аймақтарынан, соның ішінде Батыстан үлкен команда бар. Бәлкім, Димаш санкция салдарынан командасынан біреуді жоғалтқысы келмеді. Ол осындай шешім қабылдады. Менің ойымша, олар ресейлік серіктестерімен тыныш және бейбіт түрде тарқасты. Бұл тек шығармашылық үзіліс болды», - деді Бабичев.

Бұл ретте музыка сыншысы Димаш Құдайбергеннің Ресейге қайта оралатынына сенім білдірді. Ол Ресей Федерациясында әншінің көптеген жанкүйерлері және жас өнерпазды үнемі қолдайтын белсенді жанкүйерлері бар екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер