“Тасқын мен тағдыр”. Фотограф екінші фильмін шығарды

4576
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған
Фотограф Ернар Алмабек “Тасқын мен тағдыр” туралы фильм түсірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Фотограф, режиссер бұл фильмде тасқыннан зардап шеккен бес адамның қазіргі жай-күйі көрсеткен. Оның бұл туындысы маусымдағы су тасқыны туралы алғашқы фильм.
"Жойылған ауыл, қираған қара шаңырақ, қорқыныш пен уайым. Су кеткенімен артында үлкен әлеуметтік мәселе қалды. Ол қашан және қалай шешілетіні белгісіз… “Тасқын мен тағдыр” – мен түсірген деректі фильмдер сериясының екінші шығарылымы. Естеріңізде болса, осы бағыттағы алғашқы туындым оңтүстіктен солтүстікке көшкен жандарға арналған еді. Ол видео “Теріскей – бізге аманат” деген атаумен шыққан", - делінген желідегі жазбада.

Елімізде су тасқыны үйлерді шайып, адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Билік биылғы су тасқынын көлемі жағынан "соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат" деп атаған.

27 наурыз күні елдің бірнеше өңірінен тұрғындар төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқынына байланысты хабарласа бастады.

Топан су кезінде 4 адам қаза тапқан. Оның ішінде әкелі-балалы бір үйдің азаматтары да бар. Ал су тасқыны жағдайы сақталған өңірлердегі оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді. Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жаңа үйлері қауіпсіз жерге салынатынын мәлімдеді.

Фильмді әлеуметтік желіден көре аласыз.

Пікірлер