Ақмола облысында «Жасыл аймақ» акциясы аясында16 мыңнан астам көшет отырғызылды

5150
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.

Ақмола облысында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін «Жасыл аймақ» акциясының үшінші аптасы аясында ақмолалықтар ағаш отырғызып, сенбілік өткізді.

Экологиялық іс-шараға белсенді жастармен қатар бей-жай қарамайтын тұрғындар, бизнес өкілдері, еңбек ұжымдары және тағы басқалар өз үлестерін қосты. Облыс бойынша барлығы 62 мыңнан астам адам қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Өңір басшысы интернационалист-жауынгерлер аллеясына және «Арқар» монументіне ағаш отырғызды.

«Біз өскелең ұрпақты қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретуіміз,  тазалық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп бар жерде тазалық пен жеңіс бар», - деді облыс әкімі.

Жақында ата-ана атанған жас отбасылар да ауқымды акцияға қосылды. Осы күні балалармен бірге олар «Сәби» аллеясына 30 атаулы ағаш отырғызды. Атаулы қарағайларды көп балалы Әмірхановтар отбасы да отырғызды.

«Бүгінгі күн біздің отбасымыздың жадында қалады. Біз ағаштарды отырғызып қана қоймай, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын үлгі еттіп көрсетеміз. Үлкен балалар аллеяға келіп, көшеттерін күтіп-бағуды қалайды», - деді Ақтоты Әміржанова.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында 8000-ға жуық адам акцияға қатысты. 3500 м3 қоқыс шығарылды.

Пікірлер