«Ерке сылқым» күйінің авторы өмірден өтті

9378
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zhambyl-ocnt.kz
Сурет: zhambyl-ocnt.kz

Атақты күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында  өмірге келген. Күйші-композитор Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.

30 жылдан аса уақыт бойы «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сынды 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Пікірлер