Қазталов ауданына жаңа техника келді

1613
Adyrna.kz Telegram

30 сәуір аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтен ауданымызға берілген техникаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өткен салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мағауия Есмағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов және аудан тұрғындары қатысты.

Су тасқыны кезінде ауданымыздың бірқатар ауылдары мен елдімекендері таза ауыз сусыз қалған еді. Жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының нәтижесінде су тасқыны қаупі сейілді.

—Көктемгі су тасқыны салдарынан Казталов ауданының ауылдары мен елдімекендері таза ауыз сусыз қалуына байланысты мемлекеттік материалдық резервтен 2 камаз автокөлігі базасындағы су тазалағыш, 1 газель автокөлігі базасындағы су тазалағыш машина (жылжымалы «Таза су»фильтрлі қондырғысы) және су жоқ елді мекендерге су тасымалдауға қажетті 2 дана су тасымалдаушы (водовоз) көлігі алынды. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда су жыру фактілері орын алған болатын. Осы автожолдарды қалпына келтіруге ауданымызға мемлекеттік материалдық резервтен қажетті 1 дана ауыр автогрейдер бөлініп, пайдалануға беріліп отыр. Қолдау көрсеткен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс әкімдігіне аудан тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін,  - деді аудан әкімі.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер