Рейхстагқа Рақымжан ту тіккен күн

1760
Adyrna.kz Telegram
Фото: triptonkosti.ru
Фото: triptonkosti.ru

Дәл 79 жыл бұрын дәл осы күні Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиға бірнеше жыл бойы расталмаған. Тек 2007 жылдың 7 мамырында Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры екені ресми түрде расталды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыста Германия парламенті Рейхстагқа ту тігу фашистік гитлерлік неміс үкіметінің тізе бүгуін әлемге паш еткен оқиға болды.

Әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. Ол 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, көзге түскен.

1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті.

Қазақ батырының ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеп жазған мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев болған.

Пікірлер