Жетісу облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

3503
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысының Көксу ауданында төрт күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 29 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Жетісу облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуірдің 23-і күні Көксу аудандық ішкі істер бөліміне Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны ұлының жоғалып кеткені туралы арызбен хабарласқан. Айтуынша, баласы мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жұмылдырылды.

«Сол күні із-түзсіз жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданына қарасты Жаңалық ауылынан табылды. 27 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында із-түзсіз жоғалған адамның денесі Көксу өзенінің түбінен зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды», — деді полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Облыстық полицейлер құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен жергілікті тұрғындар мен еріктілерге алғысын білдіріп, ауыл тұрғындарын барынша сақтық пен қырағылық танытуды сұрады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер