Австралияда зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті

1628
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/avstraliya-policzeji.jpg
Австралияда зорлық-зомбылыққа қатысты шеру өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Хабар24-ке сілтеп. Елдің бірнеше қаласында жұрт жаппай көшеге шыққан. Митингшілер биліктен гендерлік зорлық-зомбылық туралы заңды тез арада қатаңдатуды талап етуде. Шетелдік БАҚ мәліметінше ел аумағында әйелдерге әлімжеттік көрсету деректері тым көбейіп кеткен. Австралияда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өткір проблемалардың бірі саналады.
Комментарии