"Магнитудасы – 4.8". Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

2028
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқаны анықталған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV, Магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,79° с.б. 80,23° ш.б. Тереңдігі – 10 км. Жер сілкінісінің Қазақстанда сезілуі туралы дерек тіркелмеген.
Комментарии