Тасқынның толғағы. Егіздер дүниеге келген соң ауруханаға жеткізілді

5345
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының Ырғыз  ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  жіберген акушер - гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады.

Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді.  Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды.  

Салмағы 2.8 кг және 3.50 кг болатын егіз қыз дүниеге келді.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.  Қорғаныс министрлігің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

Пікірлер