Жеті қазына
04.12.2016
Жеті қазына
Ай мен Күннің тартысы
Көкпартану ғылыми сала ретінде әлі қалыптасқан жоқ. Көкпардың болмыс-бітімін әзірге «көкпар» сөзінің этимологиясынан ғана іздеудеміз. Оның өзі қисынсыз, ауызекі жорамал деңгейіндегі пайымдарға негізделуде. Бұл ізденіс бір ғана «көкпар», «көкбөрі» сөздерінің тегімен емес, оның таралу аймағындағы жұрттардың да қатысын, олардың танымын қарастыру арқылы кеңірек әрі тереңірек зерделенгені көңілге қонымды болар. Негмати, "Праздник навруз": "Самы..
03.11.2016
Жеті қазына
Естайдың көк аты
«Әкеміз аяғынан кемтар, мүгедек болды. Мен ағамның қолында өстім. Ол орта шаруа, момын кісі еді. Ағамның екі жақсы аты болатын. Ат жалын тартар шаққа жеткенімде сол екі аттың бірі, бәйгеден келіп жүрген қарақасқа жүйрікті тақымыма бастым. Ағам қолымды қаққан жоқ»... Бұл — белгілі ғалым,абайтанушы, жазушы Қайым Мұхаметхановтың әнші, сазгер Естай Беркімбаев туралы жазған «Екі кездесу» атты естелігінен алынған үзінді. Қазақтың кез келген баласы секі..
29.09.2016
Жеті қазына
Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Аң мен құстардың қазақша атауларына байланысты аударма әдебиеттерде, ғылыми-көпшілік мақалаларда, мерзімдік баспасөз беттеріндегі материалдарда ішінара қателіктер кетіп жататынын біраз жылдан бері бақылап, байқап жүрміз. Көш жүре келе түзелер деген үмітпен, көлденеңнен әңгімеге араласпай, әліптің артын бағып та көрдік. Бәрібір болар емес. Баз бір қаламгерлеріміз сол баяғы таптаурыннан, сол баяғы сарыннан танатын түрлері көрінбейді. Көңілге алаң т..
21.06.2016
Жеті қазына
Ақселеу Сейдімбек. «Бүркіт»
Аңшылықтың үміт қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. М. Әуезов Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің барын алмақ. Өзінің тілі бар да, тістері жоқ. Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. (Халық жұмбағы. Шешуі: бүркіт) Көл-көсір сары даланы сахна еткен ата-бабамыз тек қана малдың тісін күйттеп, ізіне ерумен ғұмыр кешкен жоқ. Көңіл құмарын қандырарлық талай-талай қызы..
30.01.2016
Жеті қазына
Қазақ бүркітшілерінің тарихы тереңде
«Қазақпарат» баспасынан шыққан «Қазақ бүркітшілігінің әліппесі» кітабының авторы Данияр Әлбозыммен сұхбат – атадан қалған бүркітшілік өнері тақырыбы төңірегінде өрбіді. Кітапта қыран құстың жасы, дене мүшелерінің атауы, қыран құсқа қатысты атадан қалған даналық сөздер – дала мектебіндегі бүркітшіліктің жай-жапсары толық қарастырылғандай. Қыран балапанын баулудың қазақ даласындағы тарихын, қыран құсқа қатысты ұлттың дүниетанымын бір кітапқа топтағ..
18.01.2016
Жеті қазына
Атбегі
Бұл күнде шаруасын шал­қыт­қан, дәулетін тасытқан еңбек адамдары қай ауылда да көбей­іп келеді. Олардың шаруасын көр­генде көңілің марқаяды. Осын­дайда «қазақ жалқау» деген сөзге шүбә келтіресің. Әрине, қоғам болған соң «қасық ұстаушы­лардың да» кездесіп қалатыны шындық. Дегенмен, бірен-саран мұндайларға қарап, бәріне күйе жағуға болмайды. Иә, ауылда еңбек ететіндер көбейе түсті. Солардың бірі – Көктерек ауылдық округіне қ..
30.12.2015
Жеті қазына
Қыран немесе тарихтағы құстар қайтып келе ме?
Ежелгi қыпшақтар тарихын зерт­теген көрнектi тарихшы Сержан Ақынжанов* өзiнiң монографиялық еңбегiнде ортағасырлық араб дерек көзде­рiне сүйене отырып, ХII ғасырдың соңында өмiр сүрген Қыран – Қадыр хан деген тарихи тұлға туралы жазады. Қыран туралы айта келе, ол, Алып-Қара Ұран атты көсемнiң ұлы болғандығын баяндап, Қадыр хан – Қыранның лауазымы (титул) деп көрсетiптi. Ал ұран – оның тайпасы делiнген. Бұл жер­дегi Қыран – оның өз аты..
28.11.2015
Жеті қазына
Шейхтар енді тауда сайран сала ма?
Біріккен Араб Әмірліктерінен келген шейх­тардың Отырар ауданында гектар жерді қоршап­ алып, оңтүстіктің қырғиларын аң-құсқа салып, са­ятшы­лық құрып жүргенін бұдан бұрын да га­зетімізде жазған болатынбыз. Енді олар облы­сы­­мыздың шөлді аймағын былай қойып, табиға­ты­ тамаша таулы өңірлеріне де көз сала баста­ған секілді. Жақында Төлеби ауданындағы Кеңесарық ауылына жолымыз түскен болатын. Ал ол ауылға ..
28.11.2015
Жеті қазына
Құмай тазының тегi қыран құс па?
116 түрлi иттiң iшiнде қазақтың бәйтөбетi мен құмай тазыға жетерi жоқ. Бәйтөбет қасқырға бетпе-бет келе алатындығымен ерекшеленедi. Ал құмай тазының желмен жарысар жүйрiктiгi бесенеден белгiлi. Қасқыр малды жейдi, қырып салады. Кейде тiптi адамның өзiне шабуыл жасайды. Сонда да қазақ қасқырды тәңiрдiң серiсi, көк жал, көк бөрi, сырттан, абадан деп мадақтайды. Оны жамандамайды, бейәдеп сөзбен балағаттамайды. Қазақтың осы мiнезiн түсiну қиын. Бабал..
28.11.2015
Жеті қазына
Бір тал түк
Жануарлар әлемi түктi, түксiз болып екiге бөлiнедi. Түктi жануарлардың түктерi де алуан-алуан аталады. Сол атаулар арасынан мына бiр тобын атауға болады: қалың түктi, қаба жүндi, жұқа түктi, сұйық түктi, селдiр түктi, сирек түктi, барақы түктi, салалы түктi, саласыз түктi, ұзын қылшықты, тықыр қылшықты, тақыр түктi, барақы жүндi, қылшық жүндi, ұяң жүндi, қатқыл жүндi, жұмсақ жүндi, мықты жүндi, бос жүндi, жiбек жүндi, биязы жүндi, түбiттi, түбiтс..
28.11.2015
Жеті қазына
Ұлттық брендтен айрылып қалмаймыз ба?
Жеті қазынаның бірі саналатын ит қадым заманнан бері адамның сенімді серігі болып келеді. Үйінің төріне шығармаса да қарғыбау тағып, төрт аяқты досын қазақ қашанда жақсы көреді. «Итің ұры…» деген адаммен ұстаса кететін қызық мінезі тағы бар. Құмай тазы салып, қиқулатып аңға шыққан аталарымыздың сенімді серігіне деген құмарлығы таңға айтса таусылмайтын әңгіме. Аты алысқа кетіп, арлан алған тазыларын бір қыздың қалыңмалына жетерлік жылқыға айырбаст..
28.11.2015
Жеті қазына
Құмай
Атырау өңiрi — қойнауы кен-байлыққа толы, сондай-ақ, оны мекендеген адамдардың да жан-дүниесi тылсым сырларға толы құтты мекен. Сондай жүрегi туған жер деп соғатын, туған өлкенiң шежiресiнiң әр бетiн талмай зерттейтiн оқырманымыздың бiрi – Әлiмжан Аманбаев. Өзi жоғары бiлiмдi заңгер болғанымен, халқымыздың тыныс-тiршiлiгiн жетiк бiлетiн, көкiрегi күйсандықтай күмбiрлеген Әлiмжан ағаның тағы бiр қыры –қазақ халқының этнографиялық салт-дәстүрiн зер..
28.11.2015
Жеті қазына
Қазақы мал тұқымын сақтап қалатын арнайы мемлекеттік бағдарлама керек
Мәкен ТОЙШЫБЕКОВ, ҰҒА академигі, профессор: – Мәкен Молдабайұлы, сіз қазақтың ежелгі мал тұқымын сақтап қалу турасында зерттеу жасап жүрген ғалымсыз. Осы ретте сұрайын дегенім, «нақ қазір елде қазақтың ежелгі мал тұқымының неше алуан түрі сақталды» деп анық айтуға болады? Жалпы, ғалым ретінде елдегі мал шаруашылығына қатысты ұстанып отырған саясатымызға көңіліңіз тола ма? – Мен мәселені әріден тарқатайын. Баяғыда 1918 жылы Кеңес өкіметі орна..
28.11.2015
Жеті қазына
Ителгiнiң қызығына түссең…
Әуесқой аңшылар дабыл қағуда.  Солардың бірі – Совет Сейітовты  тыңдасақ, елімізді мекен еткен өте сирек құстардың бірі – ителгі құрып кетудің аз-ақ алдында. Оның өзінде де табиғат қорғаушылардың өздері мен аңшылардың «арқасында».  Онсыз да «Қызыл кітапқа» енгізілген жыртқыш құстың ұясы жиі бұзылады екен. Өйткен себебі аңшылар ителгіні қолдан өсіретіндерге жұмыртқасын сатып, нәпақа табады деседі. Ал олар өз кезегінде ителгіні шетел..
28.11.2015
Жеті қазына
Мұқағали күтетін құстар қайда?
Ауқаттысы ақшаңқан үйінің түндігінен, жақыбайы қараша үйінің жыртығынан жұлдыз санап ұйқыға кететін қазақтың табиғатпен үйлесімділігі туралы әсте әңгіме көп. Сол барқыт аспанда буалдыр сағым созылып жататыны тұнығы лайланбаған ауыл баласының бәріне мәлім. Қазақ мұны «Құс жолы» дейді. Өзінің дүниетанымын ғарыштық межемен кең құлаштап өрген халықтың бұл атауды қоюы бекер болмаса керек.Құс – қазақтың жаны. Сондықтан да Көк Тәңіріне баланған ғарыш кө..
28.11.2015
Жеті қазына
Алтай қыраны Арабиядан оралды
Астана деген қаланың бір миссиясы сол болар — жер бетінде шашыраған қазақтың ат төбеліндей түрлі тобын қосты да, мидай араластырды. Әсіресе, шетелден келген қандастар да сол «компаненттің» бірі болып жүр. Кәзір кәдімгідей ел болып қалдық. Басында бір-бірімізді жатырқап, анау-мынауымызды түрткілеп күліп отыратынбыз. Енді жас күнімізден бірге өскен дос-жарандай қимас жандарға айналдық. Оларсыз бүгінгі қазақтың бүтіндігін де елестету қиын, өйткені, ..
28.11.2015
Жеті қазына
Көк туымызда қыранның бейнесі бекер тұрған жоқ
Бағдад МҮПТЕКЕҚЫЗЫ, «Қыран» федерациясы қоғамдық қорының атқарушы директоры: - Ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ғұрыптары­мызды ортамызға қайта оралтқан — толайым Тәуелсіздік. Тәуелсіздік жемістері алуан түрлі. Бұл күндері сан қатпарлы тіршіліктің барлық саласынан мәу­е­сі менмұн­далап тұр. Оның бір ғана мысалын сіздің қордың жұ­мысынан да кел­тіруге болатын се­кілді. Шағын ғана құсбегілер мек­тебі ұл..
23.11.2015
Жеті қазына
Бүркіт – киелі құс
Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын  тартқан  қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым,  еңбекқор, қажырлы, та­банды халқымызды қыран құсы, ұшқыр та­зысы мен жүйрік аты және  үкілі домбырасы ар­­қылы  танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүние­лер­ді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қара­пайым қазақ тірліктегі&nb..
23.11.2015
Жеті қазына
Желден жүйрік жануар
Сағымға оранып, әлдеқашан сары бел асып кеткен күндеріне көз жіберсе болды, алшаңдатып арғымақ мінген алып қазақтың жанарына жас келеді… Адамнан зият жылқы жануары туралы сан ғасырларды соңына тастап, сараланып жеткен бейнелі теңеулер аз емес. Әттең, қанатты тұлпарлар туралы жазылған Беленицкий, Толстов, Снесарев, Липец сияқты орыс ғалымдарының еңбектеріне пара-пар келетін қабырғалы дүниенің біздің буын тарапынан жазылмай келе жатқаны өкінішті! Ж..
19.11.2015
Жеті қазына
Абай мақтаған құс қандай?
Абайдың көпке мәлім «Қансонарда бүркітші шығады аңға…» деп басталатын өлеңінің көркемдік-эстетикалық қасиеті оқырманның да, абайтанушылардың да лайықты бағасына ие болған. Табиғат пен адамның ажырамас бүтін-бірлігі мұндай кемел суреттелген жалғыз өлеңімен ғана талай ақын тарихта қалар еді. Тіпті, табиғат лирикасы дегеннен гөрі көргіш, сезгіш, ой қорытқыш ұшқыр қиял иесі әр адамның көңіл күйін тереңнен тартып, жалаңаштай, жарқырата көрсетудің ғажа..
19.11.2015
Жеті қазына
«Тулаған қаны бар, тұлпар да табылар…»
«Жігітке жетпіс өнер де аз». Кезінде «Көршінің қызымен» көңілімізді елең еткізіп, «Сыған серенадасы» секілді сырлы әндермен тыңдарманды  баурап алған, қазақ эстрадасында өзіндік жолмен із салып келе жатқан әнші Тоқтар Серіковтің көпшілікке беймәлім әдемі әдетімен (хоббиімен) бүгін  сіздерді таныстырмақпыз. Жеті қазынаның біріне бағаланатын жүйрік аттың қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше.  «Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі..
19.11.2015
Жеті қазына
Қазіргі құс салу думандарына көңілім толмайды
Тілеуқабыл ЕСЕНБЕК, «Құсбегі» халықаралық мектеп-орталығының директоры, кәсіпкер:   – Тілеуқабыл аға, Тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында ұмытылып бара жатқан бүркітшілік өнерді қайта қолға алып, бабалардан қалған құс салу өне­рін жандандырған мамандардың бірі өзіңізсіз. Жалпы, осы өнерді, осы кәсіпті қолға алуыңызға не себеп болды? – Мен өзім Қарағанды облысында туып-өстім. Балалық шағымның бәрі сонда өтті. Сол кішкене күнімізде..
19.11.2015
Жеті қазына
Тазы мен төбет неге тасада қала береді?
Бірде Алматыда иттер көрмесі өткен еді. Оған тіпті Ұлыбританияның сарапшылары қатысқан болатын. Өйткені көрмеде бағы жанған мықтылар халықаралық байқауға жолдама алған екен. Сайысқа қатысқан иттер арасында — неміс овчаркасы, американ ротвейлері, француз бульдогы, орыс спаниелі — бәрі-бәрі болды. Алайда бұл көрмеден әдеттегідей ешкім де қазақтың ұлттық құндылықтары — тазы мен төбетті көре алмады. Себеп — көрмеге тек халықаралық кинологиялық қауымд..
18.11.2015
Жеті қазына
Жылқы қазақтың киесі
Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғ..
18.11.2015
Жеті қазына
Тұяқты тұяқ жібермейді
Есімізде әлі. Мақаншының бағына біткен қос көк ат болды. «Арқалды» совхозының атынан сынға түсіп, олжа салған жануарлар жыл он екі ай бабында болатын. Көк жорғаны көсілтіп мінетін Н.Қаспақов, тіпті асфальт үстінде су төгілмейтін жүрісімен жұртты тәнті ететін. Зекеннің көгі қысы-жазы жегінде жүрсе де, жарыс кезінде алдына жүйрік түсірмейтін. Зекен ата ізін бағып, бабынан бір жаңылмайтын аттың табиғатынан сыр шертуін өтініп барғанымыз да бар. ..
Тағы жүктеу