«Отставкаға бүгін-ақ кетер едім». Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері

6689
Adyrna.kz Telegram
Сурет: m.sport-express.ru
Сурет: m.sport-express.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиядан жеңілгеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Халық бізді үнемі мақтап, қолдау білдірді. Дән разымын. Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Сынды үлкен құрметпен қабылдаймын. Жеңіліс үшін барлық жауапкершілік маған жүктеледі. Бүгін-ақ отставкаға кетер едім. Мені тек федерацияға деген көзқарасым ұстап тұр. Мен жайдан-жай шешім қабылдай алмаймын. Карт-бланш сыншылардың қолында», - деді ол.

Бас бапкер ойынның басында қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді.

«Алғашқы минуттардан қысым болатынын көп айттық. Өкінішке қарай, төтеп бере алмадық. Қарсыластарымыз есеп айырмасын ұлғайта түсіп, ойынға қайта оралуымызға мүмкіндік бермеді»,—деп толықтырды Магомед Адиев.

Бұған дейін ол біраз футболшының ораза ұстап жүргенін айтқан еді.

«Ойыншылардың көбінде ораза ұстауда тәжірибесі бар. Сондықтан қиындық болмайды деп ойлаймын. Біз бұл жерде белгілі бір түзетулерді жасадық, ол Дубайдағы дайындық бөліміне қатысты еді. Жігіттер жаттығудан кейін су ішіп, бірден тамақтанулары үшін жаттығу процесін ұйымдастырдық»,—деді бапкер.

Еске салайық, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер