Мамыр таяғанда. Жамбыл облысында қар жауды

2249
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2384.jpeg
Сенбі күні Жамбыл облысының оңтүстігінде қар жауды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында қар түскенін бейнелеген видео пайда болды. «27 сәуір. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, қар жауды», - делінген видеода. Бұған дейін синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескерткен болатын. Еліміздің солтүстік облыстарында түнде минус сегіз градусқа дейін суытады деп болжанған.  
Комментарии