Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметтен кетті

1436
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Президенттің бұйрығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тиісті бұйрық 30 сәуірде Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазылған ақпаратта.

Әркен Хамитұлы Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында туған. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Карнеги Меллон университетін бітірген. Ол «Болашақ» бағдарламасының 2010 жылғы түлегі. Халықаралық қатынастар маманы, экономист, мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Экс-орынбасар 2006-2011 жылдары аралығында елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған. 2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Ал 2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер