Жайық суы Ақжайық ауданында көтеріліп жатыр

1837
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Өзеннің су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 32 сантиметрге көтерілген.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметінше, 30 сәуір күнгі сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 665 сантиметрге жеткен. Ал оның қауіпті шегі – 850 см.

Жайық өзенінің суы Январцев ауылы мен Орал қаласы тұсында бір тәулікте 10 сантиметрге төмендеді. Қазір ауыл маңында су деңгейі - 834 см, облыс орталығында 828 сантиметрді көрсетті.

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Жайық өзенінің суы сай-салаларды толтырып, төмен қарай ағып жатқанын айтады. Өзен бойындағы елді мекендер бақылауда екені хабарланды.

Пікірлер