Қарағанды саябағының біріне мыңнан астам ағаш егілді

1283
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Майқұдық саябағына 1100 жас ағаш егілді. Демалыс орнында алма, шетен, мамыргүл, мойыл, қараған, қарағай, терек, ұсақ жапырақты қарағаш өсіріледі.

Қоғамдық аумақты абаттандыруға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері келді.

Ағаш егуге Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты.

– Президенттің бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды. Бұл бір күндік акция емес, ол ұзақ мерзімге созылмақ. Облысымыздың тұрғындары аумақтарды тазалауға, көгалдандыруға белсенді қатысып жатыр. Аймақта барлық аудандар мен қалаларда ағаш егу жүріп жатыр. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Тек Қарағанды бойынша 90 мыңнан астам ағаш егіледі. Кирзавод ауданында орман алқабын қалпына келтіру жоспарланған. Белсенділік танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет! – деп өңір басшысы тұрғындарға алғысын білдірді.

Бұқара бірігіп жасалып жастқан жұмысқа Әлихан Бөкейхан ауданы мектептерінің директорлары өз үлесін қосты.

– Көктемнің басталуымен бізде қала мен облыс бойынша әрдайым сенбіліктер өтеді.  Із де ол шаралардан шетте қала алмаймыз. Бүгін біз директорлар корпусымен саябақта ағаш егеміз, ал ата-аналар қауымы, мұғалімдер мен оқушылар мектеп аумағын көгалдандырумен айналысады. Барлық ағаштар тамыр жайып, қаламыздың тұрғындарын қуантады деп үміттенеміз, – деді № 85 мектеп директоры Салтанат Тұрсынова.

Ересектермен бірге балалар да ағаш екті.

– Мен біздің саябақтың таза, жақсы және әдемі болғанын қалаймын. Ағаммен бірге келдім. Ересектерге көмектестім, көшеттер еккен шұңқырларға топырақ салып отырдым. Өзім бір ағаш ектім. Мен саябаққа жиі барып, оның қалай өсіп жатқанын кбақылап отырамын, – дейді 7 жасар Арсений Оберт.

Осы жылдың көктемінде Әлихан Бөкейхан ауданына 10 мыңнан астам түрлі ағаш егіледі.

Сондай-ақ, бүгін Қарағандыда әуежай ауданында 1000 пирамидалық терек егілді. Бұл ағаштар аллергиясы бар адамдар үшін қауіпсіз болып саналады.

Акцияға 300-ден астам адам – әкімдік өкілдері, депутаттар, экологиялық қозғалыс еріктілері, ҚарУ студенттері, Қарағанды академиясының курсанттары және т. б. қатысты.

Ағаш егу "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында өтті. Болашақта көшеттерге күтім жасалады.

Пікірлер