Футболдан Өзбекстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

2042
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстан жастар құрамасы Катарда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия чемпионатында Индонезия құрамасын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Спорт бәсекесі 15 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтті.

Өзбекстанның Олимпиада құрамасы индонезиялық қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды.

Азия кубогында Өзбекстан 14 гол соғып, 0 гол жіберіп, 5 жеңіске жеткен. Финалда команда Жапония-Ирак жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Финалдық кездесу 3 мамырда өтетіні хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер