Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…

3033
Adyrna.kz Telegram

Сонау ерте заманда жекпе-жектерде қарсыласқа дес бермеген жауынгер бабаларымыздың жолын бейбіт заманда спортшыларымыз жалғастырып келеді. Еркіндікке қол жеткізіп, азат ел болғалы қазақ елінің спорт саласында жеткен жетістіктері бірталай. Осы саланы дамыту барысында елімізде түрлі спорт нысандары да бой көтерді. Атап айтқанда 40-қа жуық спорт сарайы, 200-ден астам стадион, 8 000-ға жуық спорт алаңдары мен 2 000-нан астам спорт залдары құрылған. 

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Байжанов Бекболат Құстұтынұлының айтуынша, қазіргі таңда елімізде 6,5 миллион адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады екен, бұл халықтың 34,2% құрайды. Осы тұрақты түрде айналысатын адамдар адамдар арасында елімізде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілуде. Одан бөлек сптрт резерв саласында 481 балалар спорт мектебі,12 өңірде 13 дарынды балаларға арналған мектеп интернаттары және ірі 4 республикалық спорт коллелдждері жұмыс істеп тұр!

Елімізде ұлттық спортты қайта жандандыру белсенді түрде жүргізіліп келеді. Осыған орай 2024 жылдың 18 наурызында Астана қаласында Көшпенділердің асық ату спорты халықаралық федерациясы ресми түрде ашылды. Жалпы елімізде 25-тен астам ұлттық спорт түрі ұлықталып, қарқынды түрде дамып жатыр. Оның арасында асық ату, құсбегілік, жамбы ату, қазақ күресі, аударыспақ, теңге ілу, көкпар сынды ұлттық жарыс түрлерімен айналысатындар саны артып келеді. Бүгінде республикамызда 10-ға жуық мамандандырылған клуб пен ұлттық спорт түрлері бойынша 13-тен астам  мамандандырылған спорт мектептері жұмыс істейді. Бұдан бөлек ел аумағында 45 ипподром бар.

Тарихтан сыр шертетін болсақ, тәуелсіз Қазақстан жолында жеткен жарқын жетістіктеріміз жетерлік! Жалпы, қазақ спортының тарихы тереңде жатыр. Ең алғаш спорт әлеміне қазақ атын шығарған күш атасы Қажымұқандай білекті балуанымызды айтпасқа болмас! Тұтас ғұмырын күреске арнаған ол, бірнеше күрес түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны. Одан бөлек, желмен жарысқан Ғұсман Қосанов пен Әмен Тұяқов, Олимп шыңын бағындырып, жүлде еншілеген Әлжан Жармұхаммедов, Нелли Ким, Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Серік Қонақбаев, Александр Асанов, Дәулет Тұрлыханов, Анатолий Храпат есімді өзгеде танымал спортшылардың ерліктері өздерінен кейінгі жастарға үлгі болды. 

Тәуелсіздіктің таңы атқан тұсында, қазақ спорты қиын қыстау кезеңді бастан кешірді. Әлемнің кіл мықтылары сайысатын спорттық додаларда тәжірибесі аз спортшыларымыз үшін бұл ауыр кезең ретінде есте қалды.

Егемен ел ретінде алғаш қатысқан 1994 жылы Норвегияда өткен қысқы олимпиада ойындары болды. Бұл ойында қазақ шаңғышысы Владимир Смирнов ел қоржынына алтын жүлдені салған тұңғыш спортшы болды. Қазіргі таңда ол әлемнің 4 дүркін чемпионы.

Бертін келе, 1996 жылы Атлантадағы жазғы олимпиада ойындарында, кәсіпқой шаршы алаңда талайлардың мысын басқан Василий Жиров әуесқойлар арасындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Келесі қаһарман батырларлың ізін қуған белгілі балуан Дәулет Тұрлыханов жеңіс тұғырынан бой көрсетті. 

Кейіннен 2000 жылы Сиднейде өткен додада, бокстан қазақтың маңдайына біткен, құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзат Саттарханов ел қоржынына алтын салғанда, қуаныштан бөркін аспанға атпаған қазақ жоқ шығар. Бекзаттың жеңісті жолын құрама капитаны Ермахан Ибраимов жалғастырды, бүгінде осы қаһармандардың ізін қуып келе жатқан Жәнібек Әлімханұлы, Шавкат Рахмоновтай білекті батырларымыз бар.196 ел қатысқан бұл олимпиадада Қазақстан 24 орынға жайғасты. 

Грекияда 2004 жылы жеңіс тұғырынан бой көрсеткендер: Бақтияр Артаев, Генадий Лалиев, Георгий Цурцумиа, Геннадий Головкин, Сергей Филимонов, Серік Елеуов, Дмитрий Карповтар болды. 

Қазақстан үшін ең жарқын жетістіктерге толы болған 2012 жылғы Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындары болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола алған Қазақстан 204 елдің арасынан 12 ші орынға тұрақтады. Серік Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Илья Ильин, Александр Винокуров, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Әділбек Ниязымбетов, Ольга Рыпакова, Светлана Подобедова, Гузель Манюрова, Даниял Гаджиев, Марина Вольнова, Иван Дычко жеңіс жолында аянбай тер төкті. 

Қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы болған Денис Теннің алар асуы бұдан да биік екеніне толық сенімді едік… Жарқ етіп сөнген жарық жұлдыз мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Сочи олипиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, одан бөлек қысқы Азия ойындарын да мәнерлеп сырғанаудан чемпион болды.

Футболдан халықаралық ойындарда тайталасып жүрген Қаршығалар лақап атымен танымал Ұлттық құрама 2023 жылғы көрсеткіш бойынша Фифа рейтінгісінде 100-ші орынға тұрақтаған. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген Самат Смақов 76 ойынмен бірінші орында, одан басқа Руслан Балтиев, Сергей Малый, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан және команда капитаны Асхат Тағыберген ең көп ойын өткізген футболшылар қатарына кіреді.

Қазақстанның ең үздік бомбардирі атанған Бахтияр Зайнутдинов 34 ойында 14 гол соққан. Бұдан бөлек Руслан Балтиев, Виктор Зубарев, Абат Айымбетов, Исламбек Қуат, Нұрбол Жұмасқалиев үздік бомбардирлер сапында!

Бүгінде ел намысын қорғап, түрлі сайыстарда қанжығасына жүлде байлаған спортшыларымыз әлемдік спорттың дамуына теңдессіз үлес қосып келеді. Оны қолдау мақсатында, мемлекет тарапынан жан-жақты көмектер көрсетілуде. Әсіресе, Қазақстанның ауылдық аймақтарында спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Бұл шара халықтың спортқа деген құлшынысын арттыра түспек. Әрине, дені сау ұлт қуатты мемлекетті құрайды. 

Спорт саласына тәй-тәй басып келе жатқан жас жалынға әлемдік ареналардың биік-биік шыңдарынан көрініп, көк байрағымызды асқақтату бұйырсын!

Айгүл Мұратқызы

Пікірлер