«Бірде бір жиынға қатысқан жоқ». Вице-министр Бекболат Тілеухан туралы сұраққа жауап берді

1078
Adyrna.kz Telegram
 фото: parlam.kz
фото: parlam.kz

Бүгін Орталық коммуникациалар қызметінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарына байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

Жиында журналист «Өзіңіз Біләл Ердоған басқаратын Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы туралы айттыңыз. Көшпенділер ойынына вице-президент Бекболат Тілеухан қатыса ма?» деп Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа сұрақ қойды.

«Біз бірнеше рет этно қауымдастық пен халықаралық этноспорт конфедерациясымен  кездесу өткізген болатынбыз. Бірақ бірде бір кездесуге жаңа сіз айтып жатқан адам қатысқан жоқ. Біздің мәселе енді ешқандай мәселелерге қарамай ары қарай осы спорт бағыттарын алға жылжыту және ұлттық спорт түрлерін дамыту болып отыр», – деді ол.

«Бекболат Тілеухан бірде бір жиынға қатыспаса, демек Астанадағы көшпенділер ойынына келуі мүмкін бе, мүмкін емес пе?» деген қосымша сұраққа вице-министр «Ол бойынша жауап бере алмаймын» деп қысқа жауап берді.

Пікірлер