Кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлады

996
Adyrna.kz Telegram

Атырауда кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Мой город” мәліметінше, оқиға 8 қазан күні болған. Сегіз жасар қыздың үстіне қақпа құлап, бүлдіршін ауыр бас ми жарақатын алды.

Қазір мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"8 қазанда болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қостанайда 16 жасар жаcөспірімнің үстіне зілдей футбол қақпасы құлаған еді.

Пікірлер