Ежелгі Түркі тайпалары мен Қытай (Хән әулеті) арасындағы қалыптасқан саяси жағдайлар

7924
Adyrna.kz Telegram

Орта Азия тайпаларының тайпа одақ-бірлестіктерінің тарихы болып саналады. Ал, енді осы тұрғыдан алып қарасақ "қазақ" негізін құрушы  жиі аталатын тайпалардың ішінде үйсін мен қаңлы бізre мәлім болып отырған барлық тарихи деректерде егіз қозыдай қатар аталады. Оның ceбeбiде тарихтан белгілі", - деп жазады Әбдуәлі Қайдар.

Біздің заманымызға дейін ІІІ – ғасырда үйсіндер мен қаңлылар негіз болған тайпалар одағы қалыптасты. Олар осы жepдi мекендеген Сақ тайпаларының  ұрпақтары еді. Олардың қорғандары Жетісу мен Тянь-Шандағы сақтардың ескерткіштеріне ұқсас. Үйсіндер Жетісуды, ал қаңлылар Онтүстік Қазакстан, Сырдарияның орта ағысы, Қаратау маңын иеленген деп көрсетеді зерттеушілер.

Kөpiп отырғанымыздай, мұнда да үйсін мен қаңлы Қазакстан жерінде ежелден-ақ қатар жайлап келе жатқанкөрші тайпалар ғана емес, сонымен қатар Сақ мәдениетініңмұрагері,Сақ тайпасының тікелей этникалык жалғасы.

Сонау көне дәуірден бастап, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр даласын жайлап, Tүpкi әлемінде алғаш қос мемлекет болып құрылып, қазақ халқының ғана емес, басқа да туыстас Tүpк iхалықтарының қалыптасуына ұйытқы болып  енген қаңлы-үйсін қос тайпаның ұзын сонар өткен тарихы да,бүгінг іболмысы мен болашағы да ортақ. Бұлекеуі Ұлы жүз қауымының, салт-дәстүрі, рухани-мәдени үрдісімен өзіндік менталитеті қалыптасқан, тел қозыдай қатар өскен тағдырлас елдер. 

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАҢЛЫЛАР МЕН ҒҰНДЕР

Ежелгі қаңлылар мен Қытай арасындағы байланыстарға қарасақ, Қытай деректерінде Қытайдың қаңлыларға байланысты саясаты айқынкөрініс беріп отырады. Мұнда байқайтынымыз,қаңлыларға қатысты өздері білетін мағлұматтардың бәрін барынша кеңінен қамтып жазуға тырысқан қытай авторлары сонымен бipгe өздерінің бұл халықты менсінбейтіндігін, тіптен жаратпайтындығын ашықтан-ашық мәлімдеп отырады. Мысал үшін, қаңлы туралы қытай жылнамасында мынадай сипаттама бар: «Қаңлыға келсек, ол тәкаппар, алаяқ. Хән әулетінің елшілерін күні бүгінге дейін құрметтеген жоқ. Басқақтықтың ұлықтары Қаңлы елінде болған кезінде, біздің елшілерімізді Үйсін елшілерінің аяқ жағынан отырғызыпты,біздің ұлықтарға хан мен асылзадалар тамақтанып болған соң дастархан жайыпты, осылайша өзге елдерге мақтанбақ болыпты. Осы тұрғыдан қарағанда, Қаңлы ханы ханзадасын Хән сарайына, cipә, қандай ниетпен жіберіп отыр? Оның шын ниеті - Хән елімен сауда жасау, ал айтқандарының бәpi алдау-арбау ғана. Ғұн -тағы мемлекеттердің ішіндегі ең азулысы. Осы күндері Хән әулетіне бағынып, аяғын аңдып басып отырған жайы бар. Егер Қаңлының ханы Хән елшілеріне құрмет етпей қойыпты дегенді естісе, Ғұн тәңірқұты қорсынып, намыстанып қалуы мүмкін. Сондықтан Қаңлының ханзадасын елге қайтарып, барыс-келісті үзіп тастауға, Хән әулетінің көргенсіз елдермен араласпайтындығын дәлелдеу үшін ендігәрі оған елші жiбepмeyгe тура келеді.

(жалғасы бар)


Ардақ БЕРКІМБАЙ

Пікірлер