Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1362
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Әлібек Әлденей тағайындалды. Ол білім, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін, мәдениет және спорт істері мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы.

Әлденей Әлібек Үсенұлы 1984 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, Қарағанды қаржы институтын «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010 жылдан 2013 жылға дейін «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ маркетингтік саясат бойынша бас менеджері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жобалар бөлімінің менеджері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ақпараттық-талдау департаментінің бас менеджері қызметтерінде еңбек етті. 2015 жылы «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. 2019 жылдан бастап Астана қаласында «AMANAT» партиясының хатшысы болып жұмыс істеді, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 

Пікірлер