Қарағандының коммуналдық қызметтері қала көшелерінен қоқыс шығарды

1341
Adyrna.kz Telegram

Қарағандының коммуналдық қызметтері қала көшелерінен бір жарым тоннаға жуық қоқыс шығарды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қарағандыда санитарлық тазарту айлығы басталды.

Тек соңғы 10 күнде коммуналдық қызметтер шамамен 1450 тонна қоқыс шығарды.


Күн сайын қаланың екі ауданында 200-ден астам адам тазарту жұмыстарымен айналысады.

Олар көшелерде, жол бойынша шашылып жатқан қоқыстарды жинайды, қоршауларды, аялдама павильондарын жуады, тротуарлар мен жол жиектерін тазалайды.

155 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, аумақты тазарту ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындайды: барлық дерлік жерлер кеуіп үлгермеген.

Қарағандыда 13 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді, оған барлық мемлекеттік органдар, ПИК және белсенді тұрғындар қатысады.

Екі аудан әкімдіктерімен қоқыс жинауға арналған қаптар ұсынылатын болады. Барлық қалдықтарды коммуналдық қызметтер шығарады.

Пікірлер