Ақтөбе облысында полицей бүтін бір отбасын өрттен құтқарып қалды

835
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында 1 наурыз күні таңертең Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Қадіров өртеніп жатқан үйден көршілерін аман алып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Айтуларынша, ер адам жұмысқа бара жатқанда көрші үйдің түтіндеп жатқанын байқаған. Полиция қызметкері ойланбастан үйге кіріп, ғимараттың өртеніп жатқанын көреді.

«Әділ-Қаһар үй иесін айғайлап оятып, кәмелетке толмаған үш баланы бірінен соң бірін көтеріп шығарды. Кіші бес жасар баланы көтеріп шығып бара жатқанда ол есін жоғалтып, құлап қалды», - деді полиция бөлімшесінен.

Осы уақытта оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, зардап шеккендерге үйден шығуға көмектесті.

«Полицей улану салдарынан ауруханаға жатқызылды. Қазір батыл қадам жасаған тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына ешқандау қауіп төніп тұрған жоқ», - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Пікірлер