«Қулық деп ойламаймын». Вице-спикер ҚҚС байланысты сұраққа жауап берді

1066
Adyrna.kz Telegram

Кеше Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде Салық кодексінің жобасына қатысты Үкіметтің жаңа бастамаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өттті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеванаың айтуынша, Үкіметтің ҚҚС байланысты таныстырылымы әлі де болса шикі. Сондықтан ол алдағы жұмыс тобында Үкімет ұсынған 16 пайызды әлі де болса қарастыратынын ескертті.

«Қосымша құн салығы 16 пайыз болып қала ма, жоқ әлде одан түсіп 15 пайыз бола ма? Осы сұрақты жұмыс тобында талқылаймыз», – деді ол.

Журналистер вице-спикерге «Сарапшылар Үкімет ҚҚС 16 көтеру үшін әу баста 20 пайыз деп айтып, қулық жасады» деп айтады. Расында 20 пайыздан 16 пайызға түсіру қулық емес пе? Сондай-ақ шекті мөлшерді 15 млн теңгеден 40 млн көтеру манипуляция жасау емес пе? Әу баста шекті мөлшер 80 млн теңге болды ғой...», деп сұрады.

«Мен мұны қулық деп ойламаймын. Себебі 20 пайызға байланысты қоғамда наразылық болды ғой. Менің ойымша, Үкіметтің әу бастағы есептері дұрыс болмаған сияқты. Сондықтан ең бірінші міндет есептерді дұрыстап қарау керек болып отыр. Жұмыс тобында «Атамекен» кәсіпкер палатасы мен Үкіметтің есебін қарап, салыстырып барып шешімге келеміз.

Ал шекті межеше кедетін болсақ, менің жеке пікірім бойынша шекті межені ең кемінде 40 млн теңге етіп қалдыру керек. Себебі 15 млн теңге өте аз. Бұл қаржыны 12 айға бөлсек 1 млн 255 мың теңге болады екен. Бұл менің жеке пікірім. Ертең өзіміздің ұсыныстарымызды береміз», – деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер