Шатырдағы баспана. Көпқабатты үйдің төбесіндегі үйге тексеру жүргізіледі

1260
Adyrna.kz Telegram

Алматыда көпқабатты үйдің шатырына салынған жер үй тексеріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Желіде Жұмалиев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің үстіне салынған жер үйдің бейнесі тарап, қызу талқыға түсті.

Бұл 2012 жылдан бері бар екені белгілі болды.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы обьектінің құқықтық мәртебесін растау үшін жоспардан тыс тексеруге арналған материалдар жиналатынын мәлімдеді.

Пікірлер