Балғынбек Имашевтың ұлы қажылық сапарына қатысты алаяқтық бойынша тергелуде

919
Adyrna.kz Telegram

Алматыда белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы – Данияр Имашев алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық bairaqmedia.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Тергеуге Данияр Имашевтың атқарушы директоры болып саналатын «Qazaq travel» компаниясының қызметіне байланысты 50-ге жуық адамның шағымы себеп болған. Туристер қасиетті Мекке қаласына ұшуға бір күн қалғанда сапардың болмайтыны туралы хабар алған. Қазір олар Әуезов аудандық полиция басқармасына арыз түсіріп, ақшаларын қайтаруды талап етуде.

TikTok-та marjuka92 есімді қолданушы жариялаған видеода ашулы жұрт компания кеңсесіне басып кіріп, ондағы жағдайды түсіріп көрсеткен. Оның айтуынша, компания өкілдері қажылыққа апарамыз деп уәде беріп, адамдардан миллиондап ақша жинаған, алайда сапар да, ақша да жоқ. Ал компания директоры айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің баласы екен.

“11-шағын аудандағы 3/1 мекенжайындағы кеңсеге келгенде, ешкім жоқ. Қызметкерлерге айлық та төленбеген. Бұл компанияның директоры – танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашев. Ол қолхат жазып, белгілі бір соманы қайтарамын деп уәде бергенімен, нәтиже жоқ. Әлеуметтік желідегі парақшаларында пікір қалдыру мүмкіндігін жауып тастаған”, – дейді видео авторы.

Турист Медина Жарылғапова компания тарапынан нақты түсініктеме болмағанын, билеттер мен қонақүй төлемдері жайлы дәлел ұсынылмағанын айтты.

«Qazaq travel» кеңсесі қазір жабық. Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні анықтаған. Олардың арасында Данияр Имашев та бар.

Компания өкілі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмегенімен, оның әкесі Балғынбек Имашев мәселені түсіндіруге тырысты. Ол билет пен қонақүй бағасының күрт қымбаттауы компанияға қиындық туғызғанын айтып, бұл жағдайды алаяқтық деп қабылдамауға шақырды.

– Көп адамдар қажылыққа жеңілдікпен жазылып қойған. Бірақ қазір баға қымбаттап кетті. Компанияның құрылтайшылары туристердің жағдайын жасау үшін өз қалтасынан қосымша қаржы салып жатыр, – деді айтыскер ақын.

Алайда қажылыққа бара алмай қалған азаматтар бұған сенбей, ақшаларын қайтаруды талап етуде. Сонымен қатар олар мұндай жағдайға өзге мұсылмандар тап болмаса екен дейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер