Ажалға апарар Alphard. Депутат таксистерді жақтады

1052
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Үкіметтің  Alphard көліктеріне байланысты бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистер Мәжіліс депутатынан «Альфард» айдайтындар, такси жүргізушілері, «жұмысымызға тосқауыл қойып жатыр», деп ренішін білдіріп жатыр. Оң жақ рөлді көлікке, сонымен қатар оң жақтан сол жаққа рөлі ауысқан көліктерді жүргізуге тыйым салынады екен. Бұған не айтасыз?» деп сұрады.

Ермұрат Бапи такси қызметі елдегі жұмыссыздықтың біраз мөлшерін жауып тұрғанын айтады.

- Осыған байланысты такси жүргізушілерінің наразылығына қосыламыз. Дегенмен елдегі, әсіресе күре жолдардағы апатты жағдайлардың барлығын саралай келгенде, билік тарапынан қойылған талапты да түсінуіміз керек. Менің ойымша, бұл бастама әлі жүзеге асқан жоқ. Егер біз оң жақ рөлге тыйым салатын болсақ, Қазақстанға келген автокөліктің, әсіресе ұзақ жолға жүретін микроавтобустардың үштен бір бөлігі оң жақ рөлді көлік екенін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бірақ, биліктің шешіміне өре түре келіп, қарсы шығатындай пікір жоқ. Әйте де, халықтың ең басты жұмыссыздық жағдайындағы, табыс деңгейінің төмен екенін ескере отырып, Үкімет пайымдайды деп ойлаймын.
Біз бұл мәселені талқылау барысында «Рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктердің техникалық жағдайы қиын» деген сөз айтылды. Оның қаншалықты шындық немесе жалған ақпарат екенін білмеймін. Бірақ соңғы кездердегі күре жолдардағы апат салдарына «Оң жақтағы рөл сол жаққа ауыстырылғаны себеп болды» деген ақпарат бар. Мен техникалық маман болмағандықтан нақты пікір айта алмаймын. Бірақ бұл тақырыпта мәмілелі шешім болады деп ойлаймын. Техникалық бақылауды күшейту керек әлде басқалай шешім қабылдауымыз керек. Кезінде біз оң жақтан сол жаққа ауыстыруға рұқсат бердік, оған ақша салып, халық шығындалды. Ол арзан дүние емес. Оның барлығын жасатып алғаннан кейін, «Бұған тыйым салынады» деп үзілді-кесілді шешім қабылдаса дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл ведомоствомен реттеледі. Бұл енді келесі жылдан бастап күшіне енеді деген жоба», – деді ол.

Пікірлер