Мирзияев туризм саласындағы енжарлығы үшін шенеуніктерді сынға алды

832
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzlidep.uz
Фото: uzlidep.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туризмді дамыту бағытындағы жұмысқа жауапты министрлік өкілдері мен бірқатар аймақтық әкімдерді (хокимдерді) сынға алды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Президенттің айтуынша, жергілікті басшылар туризмнің ел экономикасындағы маңызды рөлін түсінбей отыр. Ол капсула үйлер кешені тек Китабта ғана салынғанын мысал етіп келтірді. Ал мұндай кешендер 35 аудан мен қалада салынуы тиіс болған.

Сондай-ақ, шетелдік туристер жол сапасына жиі шағымданатыны айтылды. Осыған байланысты «туристік шеңберге» кіретін аймақтардағы жолдарды жөндеу тапсырылды.

Мирзияев туристік ауылдарды дамыту жұмыстары үш жыл бұрын басталғанымен, әлі де бірқатар облыстарда баяу жүріп жатқанын атап өтті. Мысалы, Ташкент облысындағы жоба қағаз жүзінде қалса, Қашқадария мен Жызақта бір ғана ауыл іске қосылған.

Аймақтарда гастрономиялық және қолөнер туризмінің дамымауы салдарынан Жызақ пен Сурхандария облыстары туризмнен $65 млн, Сырдария – $30 млн экспорттық табысқа да жете алмаған.

Президент туристік орындардан түсетін табыстың ашық тіркелмей отырғанына алаңдаушылық білдіріп, танымал нысандарда келушілердің санын автоматты түрде есептейтін құрылғылар орнатуды тапсырды.

Сондай-ақ, ол тарихи мұра нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жеке секторды тарту қажеттігін айтып, бұл бағытқа қосымша $4 млн грант қарастырылатынын жеткізді.

Мирзияев ЮНЕСКО тізіміне енген Зарафшан–Қарақұм дәлізін тиімді пайдалану бойынша ұсыныс болмағанын сынап, бұл бағытта жаңа бастамалар әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, 2024 жылы Өзбекстан туризмінен түскен табыс $3,5 млрд-қа жетіп, шетелдік туристер саны алғаш рет 10 миллионнан асқан. Ел билігі 2040 жылға қарай туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін 7%-ға, ал экспорт көлемін $10 млрд-қа жеткізуді жоспарлап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер