Бапи кіші Нығматуллиннің ісіне қатысты пікір білдірді

814
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұржан Нұрлановтың рейдерлік іс бойынша күдікті деп танылмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бапи бұл мәселенің тиісті органдардың кінәсі екенін атап өтті.

«Егер Нұрлановтың рейдерлікпен айналысқаны дәлелденбесе, бұл - біздің тиісті органдардың кінәсі. Егер бір азамат нақты шағымданған болса, ол жайдан-жай емес шығар? Неге ол Нұрлан Нығматулиннің ұлының үстінен шағымданды? Бұл жерде бір нәрсе бар. Сондықтан, бизнесін жоғалтқан азамат арыз беріп, шағым жасауға мүмкіндігі бар», - деді Ермұрат Бапи мәжілісте.

Нұржан Нұрланов 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына дейін «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-ның бас директоры болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқармасының мүшесі болған. Нұрлан Нығматуллин 2022 жылы мәжіліс спикерінің қызметінен кетті. Ол 2016 жылдан бастап төменгі палатаны басқарды, бұл оның екінші мерзімі болды.

Бұған дейін Нығматуллиндер отбасының атына рейдерлік шабуылдар мен қылмыстық схемаларға қатысы бар деген айыптаулар бірнеше рет айтылған болатын. 2023 жылдың наурыз айында Ерлан Нығматуллинге қатысты рейдерлік айыптаумен шағымданған Наталья Овдейчук пен Рамис Ибрагимовтың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер