"Ыстық субұрқақ". Алматыда кеңес заманынан қалған құбыр жарылды

2915
Adyrna.kz Telegram

Алматыда магистральдық жылу трассасында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде Төлебаев көшесінің бойында жерден ыстық су атқылаған құбыр жарылысының видеосы пайда болды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС Алматының Медеу ауданындағы Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан ауданда магистральдық жылу құбырында жарылыс болғанын хабарлады. Оқиға сағат 13:40-та диаметрі 400 миллиметрлік құбырда болды. Жарылыс болған жерді бақылауға алып оны «Алматы жылу желілері» ЖШС жедел бригадасы жөндеуде. Апаттың алдын ала себебі 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбырдың табиғи тозуы деп аталды. Жылу желісінің істен шыққан бөлігін ауыстыру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қонаев - Қазыбек би - Панфилов - Әйтеке би көшелерінің маңында орналасқан ғимараттарға ыстық су және жылу беру уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

23:00-ге дейін жылу беруді қалпына келтіру жоспарлануда.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер