Мәскеу моншасындағы оқиғадан соң. Бішкек Ресей елшісіне наразылық нотасын тапсырды

2150
Adyrna.kz Telegram

14 сәуірде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Мәскеуде қырғыз азаматтарының не себепті жаппай ұсталғанын анықтау мақсатында Ресейдің Бішкектегі елшісі Сергей Варкуновты шақыртты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мән-жайды түсіндіруді сұрап, елшіге нота тапсырды.

«Ресей тарапына құқық қорғау органдары жүргізген операцияның, сондай-ақ азаматтарға қарсы күш қолданудың себебі туралы ақпарат беру және күш қолдану негізсіз болған жағдайда осы оқиғаға байланысты Мәскеу қаласының құқық қорғау органдарының өкілдеріне қатысты тиісті шаралар қолдануды сұрайтын ресми нота табысталды», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, министрлік Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғау және ведомствода екі елдің қарым-қатынасына зиян тигізуі мүмкін осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәскеудегі «Бодрость» монша кешенінде қырғызстандық мигранттарға жасалған қорлық туралы ақпарат тараған еді.  Сол күні моншада болған қырғыз азаматтары еш себепсіз таяқ жегендерін мәлімдеді. Зардап шегушілердің бірі полиция қызметкерлерінің бес сағаттан өткеннен кейін ғана оқиға орнына келгенін жеткізді. Айтуынша, сол кезде моншада шамамен Қырғызстанның 60 азаматы болған.

Рейд нәтижесінде, ресми деректер бойынша, 24 адам ұсталған. Олардың кейбіріне "көші-қон заңын бұзғаны үшін" айыппұл салынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер