Алматыда әйел 4 жастағы ұлымен бірге терезеден секіріп кетті. Қайғылы оқиға 11 наурызда таңғы уақытта Алматы қаласындағы "Комфорт Сити" тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған әйел өзінің төрт жасар ұлымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақыртылғанымен, әйел сол жерде көз жұмды. Ал оның 2021 жылы туған ұлы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Мамандар оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.
Әзірге әйелдің өз еркімен секіргені немесе басқа біреудің итергені белгісіз. Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, осы тұрғын үй кешенінде бұған дейін де бірнеше қайғылы оқиғалар болғаны анықталды.
Марқұмның есімі - Әлия. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болмақ.