Каспий құбыры консорциумына тағы шабуыл жасалды

486
Adyrna.kz Telegram
Фото: CFOTO/picture alliance
Фото: CFOTO/picture alliance

24 наурызға қараған түні Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Кропоткинская мұнай айдау станциясына тағы да шабуыл жасалды. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі дронды станциядан 7 шақырым жерде атып түсірді, оның қалдықтары Кавказская теміржол станциясының маңына құлаған.

Бұған дейін, 19 наурызда, Кавказская станицасындағы мұнай базасына дрондар шабуыл жасап, нәтижесінде мұнай қоймасындағы резервуар бұзылып, өрт шыққан. 21 наурызға қараған түні жарылыс болып, жанып жатқан мұнай төгілді. Оқиға салдарынан екі өрт сөндіруші жарақат алған. Өрттің жалпы аумағы 10 мың шаршы метрге жетті.

Ресей Қорғаныс министрлігі 19 наурыздағы шабуыл Владимир Путин мен АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп арасындағы телефон әңгімесінен бірнеше сағат өткен соң жасалғанын атап өтті. Сол келіссөздерден кейін Мәскеу мен Киевтің 30 күн бойы бір-бірінің энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасамауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский де Трамппен сөйлескеннен кейін Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы беруді тоқтатуға келіскен.

Еске салсақ,  17 ақпанда Кропоткинская станциясына дрондар шабуыл жасап, бекеттің жұмысы тоқтаған болатын. Консорциум шабуылды «террористік соққы» деп атады. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер