45 секунд сайын ұшақ келіп-кетіп жататын Хитроу әуежайы 1 тәулікке жабылды. Air Astana үндеу жасады

243
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bloomberg.com
Сурет: bloomberg.com

Лондонның оңтүстік-шығысындағы Хейз ауданында трансформатор өртеніп, ауқымды өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі — Хитроу бір күнге жабылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі халықаралық агенттіктерге сілтеп.

«Жолаушылар мен әріптестеріміздің қауіпсіздігі үшін Хитроу әуежайы 21 наурыз сағат 23.59-ға дейін жабық болады. Жолаушылардан әуежайға бармауды сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін өз әуе компанияларыңызға хабарласыңыздар. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз»,–делінген Хитроу әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

АПАТТЫҢ АУҚЫМЫ КЕМ ДЕГЕНДЕ 1300 РЕЙСТІ КІДІРТТІ

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда осы апат салдарынан 1300-ден астам рейстің кері қайтарылғаны айтылады. Олардың кейбірі мұхит үстінен кері қайтуға мәжбүр.

Flightradar24 рейсьерді бақылау веб-сайтының мәліметіне қарағанда, Хитроудың жабылуы Лондонға қонатын немесе одан ұшып шығатын кемінде 1,351 рейске әсер етіп отыр. Бұл көрсеткіштің алда арта түсуі мүмкін екені хабарлануда.

Айта кетейік, Лондонды әлемнің 180-нен астам бағытымен байланыстыратын Хитроу әуежайына 80-нен астам авиакомпанияның ұшағы ұшады. Тек ақпан айында ғана Хитроуға 5,7 миллионнан астам жолаушы келген. Сондықтан Хитроу халықаралық әуежайы әлемдегі ең қауырт жұмыс істейтін әуежайдың бірі ретінде аталады.

Өткен жылдың өзінде Хитроу әуежайы рекордтық 83,9 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл әуежайда әр 45 секунд сайын ұшақтар ұшып, қонып жатады.

Қазіргі жағдайда кейбір рейстер Лондондағы екінші әуежай Гатвик әуежайына жөнелтіліп жатыр. Ал әуеде келе жатқандары мұхиттың үстінен кері бұрылып кетіп жатыр. Кейбір рейстер Париж мен Ирландия әуежайларына да бет алғаны айтылады.

АУЫЛДАҒЫ AIR ASTANA ДА МАЗАСЫЗ

Хитроудағы өртке байланысты Air Astana компаниясы да Лондоннан келетін және Лондонға ұшатын жолаушыларға үндеу жасады.

«Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды. Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды»,– деп жазылған хабарламада.

Sky News  дерегінше, әуежайдан шамамен 2,5 шақырым жерде орналасқан Хейздегі электр станциясы өртенген. Қазіргі таңда шамамен 16 мың адам жарықсыз отыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Пікірлер