6 адам қаза тапты. Гондураста жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін теңізге құлады

194
Adyrna.kz Telegram
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Гондурастың батысындағы Роатан аралындағы аэродромнан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай ұшақ теңізге құлап, алты адам қаза тапты. Бұл туралы Ла Пренса Арал-де-ла-Баия департаментінің губернаторы Уго Варелаға сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Lanhsa Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Роатан аралындағы Хуан Мануэль Галвес әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай теңізге құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта кемінде 15 адам болған, оның алтауы қаза тапқан.

Ұшақ Ла-Сейба қаласына қарай бет алғаны хабарланды. Басылым республиканың ұлттық полициясына сілтеме жасап, «33 жолаушыға арналған Jetstream 41 үлгілі ұшағы ұшу кезінде механикалық ақауға тап болған кезде апат орын алған» деп хабарлады. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шамамен бір шақырым жерде теңізге құлаған.

Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметі 10 адамды аман алып қалған, олар ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін 9 наурызда Пенсильвания штатының Ланкастер округінде шағын жеңіл жолаушылар ұшағы құлап, апатқа ұшыраған болатын. Содан кейін Beechcraft Bonanza ұшағының бортында бес адам болғаны нақтыланды.

Пікірлер