Шымкент билігі Берденовтің күдіктінің әйеліне қырындағаны туралы қауесетті жоққа шығарды

963
Adyrna.kz Telegram

Шымкент әкімінің орынбасарын атып кеткеннен кейін әлеуметтік желіде қылмыстың себебіне қатысты түрлі қауесет тарады. Алайда қала билігі бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде әкімнің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасауға күдіктінің әйеліне қырындауы себеп болды деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Бұл жағдайға қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова да түсініктеме берді. Оның айтуынша күдіктінің әйелі Берденовпен таныс болмаған.

 "Полиция бөлімшесінде ұсталған азаматтың әйелімен сөйлестім. Әйел куәлік беруге келіп, Берденовті танымайтынын айтты. Мұндай жағдайда қырындау туралы не айтуға болады? Тергеу қорытындысы жоқ, сот үкімі шықпады, сіздерге айып тағуға кім құқық берді?! Мен бөтеннің әйеліне қырындапты деп айтып қана қоймай, күдіктінің әрекетін ақтайтын адамдарды түсінбеймін», - дейді Жұмағұлова.

Ол БАҚ өкілдерін, блогерлер мен құқық қорғаушыларды заңды бұзбауға және жалған ақпарат жарияламауға шақырды.

Еске сала кетейік, Берденовқа қастандық 21 сәуір күні кешке жасалған. Қала әкімінің орынбасары оқ атып жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оған оқ атқан Шымкент қаласы әкімдігінің ТОО қызметкері болып шықты. Қастандық бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қолға түсті.

Пікірлер