Ахметовтің орнына Көшербаев келді

4014
Adyrna.kz Telegram

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды»,—деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін ШҚО аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысында облыс әкімі лауазымына 2 кандидат ұсынылды. Олар – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов. Үміткерлерді мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.

Ермек Көшербаевқа 117, ал Дархан Сапановқа 36 депутат дауыс берді.

Айта кетейік, Ермек Беделбайұлы 1965 жылы Алматыда туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - ред.), КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Бұған дейін облысты 9 жыл бойы Даниал Ахметов басқарды. 15 маусым күні ол 69 жасқа толды.

Пікірлер